Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МАҚСАТТЫ МƏСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

МАҚСАТТЫ МƏСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАБАДЫҚармақшы ауданының əкімі С.Ы.Мақашов Тұрмағамбет, Алдашбай ахун, Қуаңдария, Т.Көмекбаев, жəне Ақжар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Жаңажол ауылдық округтерінің тұрғындары алдында өткен жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беру жиынын өткізді.
Аудан əкімі алдағы жылдарға жоспарланған мақсатталған жоспарлар жайында, оның ішінде ерекше маңыздысы Жосалы кентінен қуаты 100 мың тонна болатын мұнай өнімдерінен полипропилен зауытын салу, "кірпіш зауыты қызметін ұйымдастыру" жобасы жəне аудан орталығына көгілдір газ кіргізу жұмыстары басталатыны жайлы қуанышты хабарды жеткізді. Сонымен бірге ауылшаруашылығы саласын өркендету мақсатында бақша дақылдары мен көкөніс өнімдерін өндіру,өңдеуді, жəне Төребай би, Ақтөбе, жəне Тұрмағамбет ауылдық округтерінде құс өсіру, сондай ақ Қармақшы ауылында қой шаруашылығын өркендету жұмыстары іске асырылатынын жəне "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша жұмыстар биыл да өз жалғасын табатынын айтты. Есеп беру жиындарында ауылдық округ əкімдері мен жергілікті учаскелік полиция инспекторлары жыл бойы атқарған жайлы хабарламалар жасап, алдағы жылдар еншісіне тиетін жоспарларды тізбектеді. Жиындар барысында тұрғындар ауыл кəсіпкерлеріне қолдау көрсету, елді мекен орталығындағы электр желілерін жаңарту, ұялы байланысын жақсарту, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, аяқ су мəселесі сияқты басқада көптен көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауапты сала мамандарынан тұшымды жауаптарын алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: