Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА 48 МЫҢ ОҚУШЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ


Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа өтпеуі үшін қаладағы мектеп жанында лагерьлер дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовтен сұраған едік.
– Биылғы оқу жылында 1-10 сынып аралығындағы 52 мыңнан аса оқушының 48 мыңға жуығы жазғы кезеңде демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Яғни, бұл 92,3 пайызды құрайды. Барлық 54 мектепте күндізгі тынығу лагерьлері жұмыс жасайды. Оның ішінде 11 мектеп жанында толық күндізгі жатын орын, 43 оқу ошағында бір мезгілді күндізгі тынығу орны қызмет етеді. Онда барлығы 4780 бала қамтылады.Көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар үшін мектепішілік лагерь өте қолайлы. Балалар мұнда үш мезгіл тамақтанып, түрлі ойындар ойнап, бой сергітпек. Сондай-ақ, «Сырдария» тынығу лагерінде жазғы 7 ауысымда 1050, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 499 бала демалуға мүмкіндік бар, – деді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: