2017-2018 жылдары ауыл шарушылығы өндірістік кооперативтері «Ауыл шараушылығы қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылыҚызылорда қаласында 495 млн. 800 мың теңгеге - 2 мың 800 бас «ет және сүт» бағытындағы мүйізді ірі қара малын сатып алып, қазіргі таңда қала халқына қол жетімді бағада өз өнімдерін ұсынып отыр.
Былтырғы бір жылдың өзінде, қаламыздағы «Күшімбаев АГРО» шаруа қожалығы Иран Ислам Республикасына тірідей салмағымен 812 бас қозыны экспорттады.
Нәтижесінде, мемлекет тарапынан өңіріміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 94 млн. теңге субсидиялар берілген.