Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"ӘР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ" АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ӘР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ" АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІОблыс көлемінде «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы аясында, Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері  облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып облыс орталығындағы №7 арнайы түзету мектеп интернатында «Әр бала бақытты болуға лайықты» атты іс-шарасын өткізді.
Балаларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі-түсті көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратты. Іс-шара барысында балалар арасында стол теннисінен жарыс ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тартысты ойын болды. Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар мадақтамалар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет қөрсету бөлімшесінің, қалалық мүгедектер қоғамы, Ардагерлер қоғамы, «Мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру» қоғамдық бірлестігімен облыс орталығында орналасқан «Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет қөрсету бөлімшесінде» «Әр бала бақытты болуға лайықты» атты іс-шарасы жалғасын тапты.
Аталған іс-шарада мүмкіндігі шектеулі балалар арасында 2015 жылы өткізілген «Жүрек Жылуы» фестивалінің жеңімпаздары «Үздік биші», «Үздік әнші», «Мәнерлеп оқу үздігі» номинациялары бойынша марапатталды. Балалар өздерінің өнерлерін ән айтып, домбыра тартып, би билеп, қазақтың бір туар ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, жиналған қауымның қошеметіне ие болды.
Балалар мен ата-аналарына тең мүмкіндіктер жөнінде жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, түрлі-түсті көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: