Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАЛСУАТТАҒЫ ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРНАТ ҮЙІ КҮЗДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТАЛСУАТТАҒЫ ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ИНТЕРНАТ ҮЙІ КҮЗДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІҚызылорда қаласының Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық интернат үйі биыл күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
- Осы жылдың жақсы жаңалықтарының бірі – бүгінге дейін шешімін таппай келген 300 орындық интернат үйі құрылысының басталуы. Мәселе облыс әкімінің тікелей қолдауымен оң шешімін тапты, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Марат Делмұханов. 
Бүгінде басқармаға қарасты 5 арнайы әлеуметтік мекеме арқылы 2 мыңнан астам әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде мүгедек жандарға, жалғызбасты қарттарға қызмет көрсетілуде. Сондай-ақ Қызылорда қаласында жазасын өтеп келгендер үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмысын бастады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: