2013-2018 жылдарда Қызылорда қаласында жол жөндеу жағдайы жақсарды. Соның нәтижесінде қала тұрғындары көлік қатынасында көптеген қиындықтарды шешуге мүмкіндік алды.
Атап айтқанда, соңғы бес жылда 551,5 шақырымды құрайтын 731 көшеге 21 млрд. 348,4 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы 2015-2018 жылдары 8 млрд. 188,7 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: Ғ. Мұратбаев көшесі арқылы Сырдария өзеніне өтетін көпір құрылысына 3 млрд. 719,5 млн. теңге жұмсалды. Ал Сұлтан Бейбарыс көшесінен «Қызылорда-Жалағаш» трассасы магистральды көшесіне 1 млрд. 717,3 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылорда-Жалағаш трассасына дейінгі магистральды көше құрылысы мен Ғ. Мұратбаев-Әбілхайырхан көшелеріне дейінгі түзетуге 349,7 млн. теңге қаралған. Сонымен қатар, Жібек жолы көшесінен көпірге дейінгі Сұлтан Бейбарыс көшесін реконструкциялау, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысты реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистралды көше жолдарын Мұратбаев көшесі бойындағы көпірден «Батыс Европа-Батыс Қытай» автотрассасына дейін салу мәселелері де ескерілді.
Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде «Шіркейлі» арнасы арқылы көпір, Сырдария өзені бойында қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшенің құрылыстары да назардан тыс қалған жоқ.