«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасыныңофицерлері Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің жауынгерлік жоспарға сай әзірліктерінің барысы мен моральдық жай –күйінекенеттен тексеру жүргізді.
Комиссияның қауырт тексеруі үш күнге созылды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған тексеріс әрбір әскери қызметшініңморальдық-психологиялық жағдайын, мемлекеттік-құқықтықдайындығын, сондай-ақ, атысжәнедене шынықтыру нәтижелерін анықтаумен басталды. Осыған қоса, әскери топография,медицина, инженерлік және артиллериялық даярлық сияқты тағыда басқакөптеген әскери салалар бойынша нормативтер, сауалнамалар, тесттер мен сынақтар алынып кәсіби шеберліктеріне баға берілді.
Тексерудің басты мақсаты –әскери қызметшілердің оқу кезінде алған теориялық және тәжірибелік әскери білімдеріне, сондай-ақ техниканың, қару-жарақтың және тыл қызметінің жай-күйіне баға беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Қауырт тексеру – бұл әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын анықтаудың ең тиімді тәсілі. Жауынгерлік даярлықты кенеттен тексеру барысында жеке құрамның іс-қимылдарды үйлестіруі, жауынгердің өз міндетін түсінуі және қойылған тапсырмаларды кәсібилікпен орындауы кезең-кезеңімен жетіле түседі»,–дейді коммиссия төрағасы, подполковник Ербол Серғазин.
Өңірлік қолбасшылықтан келген әскери саланың тәжірибелі офицерлері жеке құрамды тексеріп қана қоймай, нұсқау беру-әдістемелік сабақтар да өткізді. Әскери бөлімде өтіп жатқан арнайы взводтық тактикалық оқу-жаттығуы да назардан тыс қалмады.
Алдағы уақытта Қарулы Күштерде өтетін «Алтын жебе-2021» арнайы кешенді тексерісі алдындағы бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындауына, жауынгерлердің далалық дайындығының деңгейіне де бақылау жүргізілді. Сонымен қоса, кешенді тексеріс кезіндекәсіби және жауынгерлік даярлықты арттыру бойынша бірқатар нұсқаулар айтылды.
Қорыта келе, бөлімнің жеке құрамы тарапынан кенеттен жүктелген тапсырмалар толық орындалып, атыс даярлығының жақсы деңгейі мен бөлімшелердің өзара үйлесімділігі байқалды.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы сержант Мұхит Қонаров