Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА АБАТТАНДРУҒА МӘН БЕРІЛДІ

 

Арал ауданының ажарын айшықтау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Нақтырақ тоқталсақ, ол үшін жергілікті бюджеттен 42 880,0 мың теңге қаржы қаралып, қала келбетін көріктендіруге бағытталды.
Негізгі көшелерді асфальттау бастамалары көпшіліктің ризашылығын туғызды. Мұнан бөлек, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынып, бірқатар қорымдарды қоршау жұмыстары жүруде.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 51 433,0 мың теңге қаржы аударылып, жөндеуді қажет ететін қаладағы 38 пәтердің 10-ына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2014 жылы 8 үй, 2015 жылы 2 үй толыққанды жөндеуден өтті. Қазір тиімді бағдарламаны жалғастыру жолдары қарастырылуда, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: