Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қала кәсіпкерлері жұмыс аясын кеңейтті

Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлік нысандардың барлығы мемлекет тарапынан қолдауға ие болған. Олар алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіптерін кеңейтуді көздейді.
Қызылорда қаласы, қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бойынша биыл жоба құны 207 млн 540 мың теңгені құрайтын 23 жоба қолдау алды. 
– Бөлім тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларды сүйемелдеу, қолдау көрсету, түсіндіру, насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде», – дейді Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Амангелдиев.
Айта кетейік, биылғы жылдың мамыр айына дейін облыс орталығында 26 358 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 22 518 нысанды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6% пайызға өсті. Аймақта жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,5%-ы Қызылорда қаласының үлесінде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: