Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Алтынай» сауда үйі ашылды

Қызылорда қаласында киімдер сататын «Алтынай» сауда үйі ашылды. Сауда нарығында 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер жаңа нысанын 40 млн. теңгеден астам қаржыға салып, толықтай іске қосты.
Жаңадан ашылған екі қабатты нысанда шұлықтың, қолғаптың, өзге де киімдердің түр-түрі бар. Одан өзге жуынатын, қолданатын химиялық заттар, қыздардың шаштарына тағатын бантик, ободоктың түрлері, жанға не керек барлығы бар.
Нысанның салтанатты ашылу шарасында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев және өзге де қала тұрғындары қатысып, кәсіп иесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Айнұр Қожагелдиева «Алтынай» сауда үйін салу арқылы 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйінің ашылу салтанатына орай ол тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешектер таратты. Кәсіпкер алдағы уақытта өңірде өндіріс орындарын да ашуды көздеуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: