Қызылорда облысында 6 археологиялық ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіледі
Биыл облыс аумағындағы сақ дәуірінің Бәбіш мола, оғыз заманының Жанкент, Сортөбе және Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Сығанақ, Қышқала, Асанас қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстары жалғастырылады.
Қазіргі уақытта 5 қалашықта далалық экспедиция жұмыстары өз бастауын алды. Тек Асанас қалашығындағы жұмыстар тамыз айына жоспарланған. Қазба жұмыстарын еліміздің іргелі оқу орындары мен ғылыми мекемелері атқаруда.
Биылғы қазба маусымында үлкен көлеміді қамтитын қазбалар және маңызды нысандарды консервациялау жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта мекеме тарапынан бақылау, қадағалау шаралары жүргізілуде.