Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша атқарылған істер аз емес.
Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 62,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 6 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1096 адам жұмыспен қамтылатын болады.