Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жас аналарды құттықтау акциясы өтті

Қызылорда облыстық Ана мен бала орталығында алғаш босанған аналарды құттықтау акциясы өтті.
«Ақ орамал» жобасы аясындағы акцияда жас аналардың иығына ақ жаулық жабылып, сәбилеріне жөргектер таратылды. Шара барысында қатысушы қонақтар жас аналармен пікір алмасып, келелі ойларын ортаға салды.
«Аталмыш жоба өңірдің барлық аудандары мен түрлі мекеме ұжымдарында ұйымдастырылып келеді. Оның мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, құндылықтарды дәріптеу. Сіздер де ақ жаулықты ана атанып, қоғамның дамуына барынша үлес қосып келесіздер. Елімізде ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған көптеген іс-шаралар қолға алынып отыр. Мұның бәрі әр шаңырақтың бақыты үшін жасалған қадамдар»,- деді Рахима Ахметова.
«Аналарымыздың денсаулығымен қатар әлеуметтік әлеуетін де көтеру маңызды. Бұл ретте еліміздің іскер, белсенді нәзік жандылары қоғамға тән мәселелерді саралай отырып, тиісті ұсыныстар жинақтауда. Алдағы уақытта еліміздің демографиясына үлес қосқан жандарды жан-жақты қолдау мәселелерін жоғары мінберлерде талқылауды және нәтиже шығаруды көздеп отырмыз», – деді Аида Абибуллаева.
Ал облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің атынан Ләйла Пашаева тұңғышын дүниеге әкелген аналарды құттықтады. Тағылымы мол жоба аясындағы сый-құрметке бөленген жас аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: