Шиелі ауданы соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған аграрлық-индустриалды ауданға айналып келеді.
Оған дәлел, «Шиелі тас Оңтүстік» ЖШС-нің әк тас шығару зауыты. Былтыр ғана іске қосылған зауыттың жобалық құны 777 млн. теңгені құрайды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 60 мың тонна. Іргелі өндірістік мекеме тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы өнімдерін көршілес аудандар мен басқада облыстар тұтынуда.