Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ТЕҢГЕМЕН САЛЫМ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР

 

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев жұмыс сапарымен облысымызда болып, БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз-мәслихатын өткізді. 
Баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банк төрағасы өңірдің экономикалық әлеуетінің жоғары екендігін және даму перспективаларын атап өтті. Оның айтуынша, Қызылорда облысында 2016 жылғы 11 айда инфляция бойынша ең төменгі көрсеткіш белгіленген, бұл есепті кезеңде 7,5%-ды құраған республикалық деңгейден төмен. 
Қызылорда облысы заңды және жеке тұлғалар салымдарының өсуі жағынан көш бастап тұр. «Егер тұтастай алғанда ел бойынша теңгемен салымдар 84%-ға дерлік өссе, Қызылорда облысында ол 143%-ға өскен, бұл өңірлер ішіндегі ең жақсы нәтиже болып табылады», - деп атап өтті Д. Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы журналистерге ҚРҰБ жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты және қаржы нарығындағы соңғы үрдістер жайында айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: