Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Сығанақ" ұлттар достығын насихаттайды

"Сығанақ" ұлттар достығын насихаттайдыЖаңақорған ауданында «Этно-мәдени орталық» дүниеге келді. Қоғамдық бірлестік негізінде құрылған бұл орталықтың атауы «Сығанақ». қоғамдық бірлестік құрылтайына 9 өзге ұлт өкілдері мүше болды. 
Орталықтың төрайымы Зульфия Құрманәліқызының айтуынша,  Ассамблеяның 20 жылдығы қарсаңында  «Сығанақ этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігін құрған. Бірлестік құрамында өзге ұлт өкілдері бар. Сондай-ақ, олардың қатарында заңгер, дәрігер, кәсіпкер, әншілер мен мұғалімдер бар. 
– Басты мақсатымыз–атаулы жыл аясында өтетін мәдени іс-шараларға белсенді қатысу. Яғни, тілі басқа, тілегі бір өзге ұлт өкілдерінің өнерін жұртшылыққа паш ету. Сондай-ақ ұлттар жәрмеңкесін өткізіп, олардың ұлттық тағамдары мен тұрмыстық мәдени салттарын насихаттауда жоспарымызда бар, – дейді бірлестік жетекшісі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: