Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әлеуметтік зерттеу сайысының жүлдегерлері марапатталды

Әлеуметтік зерттеу сайысының жүлдегерлері марапатталды Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен  «Берік  отбасы  есірткіден  алыс!»  тақырыбында  мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында есірткі  мәселесіне  байланысты  әлеуметтік  зерттеу  сайысы   ұйымдастырылды.
«Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі заттарының қоғамға әкелетін зияны жайлы пікірлерін білу, өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады» деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Сайысқа 20 оқушы-студент  қатысып,  өздерінің  жұмыстарында  облыстағы  жастар,  жасөспірімдер,  бұқара  қауым  арасында  сауалнама арқылы  қазіргі таңдағы  негізгі  мәселелердің  бірі – нашақорлық  пен  есірткі  бизнесі  мәселелеріне  байланысты  әлеуметтік  зерттеулер  жүргізді.
Әрбір  сайыскер  сауалнама әзірлеп,  онда  келесідей  сұрақтар  енгізген:  есірткі  бизнесі  мен  нашақорлық  ұғымдары  деген  не,  оқушы,  студенттер  мен  түрлі  санаттағы  азаматтар  арасында  есірткіге  тестілеуді  өткізу  жайлы  пікір  білу,  есірткі  қабылдауға  итермелейтін  қазіргі  замандағы  халық  арасында  туындайтын  мәселелер  түрі,  бос  уақытты  тиімді  өткізу,  есірткі  тұтынудың  әлеуметтік  себептері,  есірткі  мен  нашақорлықтың  алдын  алу  түрлері  жайлы.      
Ағымдағы жылдың 04 мамырында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында сайыс қорытындыланып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша 5 сайыскердің жұмысы байқау талаптарына толық сәйкес келеді деп танылып, әділқазылар тарапынан ерекше атап өтілді. Олар: Жалағаш  ауданы  №31  орта  мектеп  оқушысы Қалыбек  Мақпал, Сырдария  ауданы  №36  мектеп-лицей  оқушысы Тұрлыбекова  Жанар, Шиелі  ауданы  №244 орта  мектеп  оқушысы Арыстанбеков  Ернат, Шиелі  ауданы  №219  орта  мектеп  оқушысы Серікбай  Аида, Қызылорда  қаласы  №3  мектеп- лицей  оқушысы  Әбдімәлік  Алтынай.  
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік деп танылған әлеуметтік сауалнама авторы Қызылорда  қаласы №3  мектеп- лицейінің  оқушысы Жадырасын  Зарина  І орынды иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Қызылорда  қаласы, «Мұрагер» мектебінің оқушысы  Ажарова  Айша  мен  Қызылорда  қаласы Қазақ   гуманитарлық заң  және  техникалық  колледж студенті Қалмұрат Ерсұлтан теңдей бөлісті. Ал ІV орын Арал  ауданы,  Арал  индустриалдық-техникалық  колледж  студенті Каманамов  Маханбетке бұйырды. 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: