Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жол-көлік оқиғасына кінәлі айыппұл төледі

Жол-көлік оқиғасына кінәлі айыппұл төледіЖалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Р. ҚР Жол қозғалысы ережесінің 1,3 бөлігінің талаптарын сақтамаған. Ол Жалағаш – Аққыр тас жолында өзінің басқаруындағы «ВАЗ 21-14» маркалы автокөлігімен жолдың жүріс бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығып, Г-ның басқаруындағы «Ауди-А6» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде автокөліктің ішінде болған С-ның денсаулығына орта дәрежеде зақым келтірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен аз. Р. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 468-1 бабы бойынша  кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК мөлшерінде, яғни 370 400 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: