Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов Қызылордада жедел жәрдем жұмысымен танысты

Айдар: Қоғам
Бүгін Сыр еліне сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы жедел-жәрдем жұмысын мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді. 
Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел-жәрдем шақыртулары тәулігіне 2500-ден асып, жүктеме 2 есеге артқан. Дегенмен қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны  азайған. 
2020 жылдың маусым айының шақырыстың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7 пайыз азаюы байқалады.  Ал соңғы 2 аптада  жалпы  орындалған жалпы шақырыс саны 39 пайызға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының  аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5 пайызға, пневмония жағдайлары 60 пайызға төмендеген. 
Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 пайызы стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3 пайызы тасымалданып, жатқызу көрсеткіші  79,3 пайызы  құрап отыр.  Яғни ауыр түрдегі науқастардың азайғаны байқалады. 
Вице-премьер жедел-жәрдем стансасының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі Сall орталықтың жұмыс процесін бақылады. Әрбір түскен қоңырауларға жауапты әр диспетчер күніне 150 қоңырау қабылдап келген. Бүгінде вирус індеті басылған кезде шұғыл қоңыраулар азайған. Шақырыс көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел-жәрдем тобына 30-35 шақырыс, қазір тәулігіне 16-18 шақырыс, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырыстан орындалуда. 
Жедел-жәрдем қызметінің науқастарға уақытылы жетуін іске асыруда жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтар көмек бөруде. Бүгінгі күні облыс бойынша 161 мобильді бригадалар жұмысын жүргізуде.
[related-news] [/related-news]
Написать комментарий
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:

Введите два слова, показанных на изображении: