Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тәулік ішінде 12 қылмыстың беті ашылды

Тәулік ішінде 12 қылмыстың беті ашылдыАғымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі. 
Аталған іс-шараға 1200-ге жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 9 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 131 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 110 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. 
Қабылдау-тарату орнына 2 азамат орналастырылса, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 8 азамат жеткізілді. Қазақстан Республикасында болу ережесіән бұзғаны үшін ТМД елдерінің 11 азаматына шара көрілді. Тәулік ішінде 12 қылмыстың беті ашылды. Айтарлық,  шара барысында Талсуат елдімекені тұсында  «Лада» маркалы автокөлігін жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 1 ұңғылы 16 калибрлі шолақ мылтық болып кесілген 4 оғымен қару табылған.  Осыған байланысты автокөлік жүргізушісі  Байқоңыр қаласы тұрғындары 1979 жылы және 1985 жылы туылған азаматтар ұсталып, олардан жоғарыда көрсетілген заттар айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жастар көп шоғырланатын жерлерде құқық бұзушылықтың алдын алуға барлық қызметтерді, оның ішінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Әкімшілік полиция, Криминалды полиция құрылымдарының қызметкерлерін  жұмылдыра отырып, рейдтік іс-шаралар өткізілуде.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: