Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған қызылордалық тұрғындар ұсталды

Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған қызылордалық тұрғындар ұсталды. 


30 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолы, яғни Арал ауданы Шижа ауылы тұсында қызмет атқару барысында 49 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Volkswagen автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Автокөлікте жүргізушімен бірге жолаушысы да болған.
Тексеру барысында көліктен бір қапқа салынған шөп ұнтақтары тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы төрт келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды. Екі күдікті қазіргі таңда Арал АПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: