Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада кәсіпкерлік субъектілерінің саны қайта қалпына келуде

Биылғы жылдың 1 қаңтарына өңірімізде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 52 427 бірлікті, оның ішінде 88,3%-ын, яғни 46 297 бірлігін жұмыс жасап тұрғандар құрады.
Дегенмен, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қабылданған карантиндік шектеулер себебінен өңір кәсіпкерлерінің саны ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында 2,5 %-ға дейін төмендеген болатын.
Өңірлердегі карантиндік шектеулерді жеңілдету және кәсіпкерлікті қайта жандандыру мақсатында жедел шаралар қабылданды. 
Қазіргі таңда, кәсіпкерлік субъектілерінің саны қайта қалпына келуде. Мәселен, ресми статистикалық ақпараттарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 52 365 бірлікті құрап, ал оның ішінде жұмыс жасап тұрғандардың саны 46 943 бірлікке жетті.
Алдын-ала болжамға сәйкес, алдымыздағы кезеңдерде көрсеткіштердің одан әрі өсуі күтілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: