Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Үш мыңнан астам халық мекен ететін елді-мекен тұрғындары үшін заманауи дәріхана ашылып, "Алтын күз" мерекесі өткізілді.
Жаңа заманғы үлгімен жабдықталған дәріхананың иесі есімі осы ауылға танымал кәсіпкер, Аманова Фатима. Дәріхананың ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы келіп, аудандағы денсаулық сақтау саласына үлесін қосып отырған кәсіпкерге алғысын білдіріп, табыстар тіледі. Жаз бойы құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп, қазан айында қосылған дәріхананың іші кең, қажетті дәрі-дәрмекпен жабдықталған, келушілер үшін екі қызмет көрсету терезелері жасалып, 2 адамды жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, шараға келушілер "Алтын күз" мерекесін тамашалады. Мереке аясында балабақша қабырғасындағы бүлдіршіндер дайындаған дәнді -дақылдар мен жеміс-жидектерден жасалған түрлі бұйымдармен қатар, тағамдардан көрме ұйымдастырылса, ауылдың жас спортшылары спорт түрлерінен қойылымдар қойып, келушілерге мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.