Ағымдағы жылдың қаңтар айының 29-31 күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көлік жолдарында көші-қон және көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз көшіп-қонушылар мен заңсыз тасымалдаушыларды, әсіресе шетелдік азаматтарды тасымалдайтын автобустар мен шетелдік тіркеулерді анықтау бойынша тексерістер жүргізілді. Сонымен қатар, Көліктік бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні мединалық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарланған болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 72 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 3-уі – көлік құралының тiркеу нөмiрлiк белгiсi оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралын басқарғаны үшін (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 1-бөлігі), 7-уі – мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі), 72-сі – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 591-бабы), 14-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 591-бабы), 6-ы - маневр жасау қағидаларын бұзу дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 595-бабы), 3-і - құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612-бабы), 1 деректен – жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық немесе медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі), жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу (ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі), жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау фактісі (ӘҚБтК-нің 600-бабы, 1-бөлігі) бойынша заң бұзушылықтар орын алған.
Аталған жедел-профилактикалық шараның жұмысы қаңтар айының 31-не дейін жалғасатын болады.