Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА 253 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ МҮЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА 253 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ МҮЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ2014 жылғы 1 қыркүйекте басталған мүліктерді заңдастыру рәсімдері 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатындығы жарияланған болатын. Мүлікті заңдастыру акциясы бойынша Қазалы аудандық әкімдігі жанынан құрылған комиссияға 166 адам өтінішпен келген. Оның ішінде 185 200 мың теңге тұратын 141 тұрғын үй, 153 137, 4 мың теңге тұратын 25 тұрғын емес жайлар бойынша өтініштер қабылданды. 
Комиссия тарапынан 125 құжат бойынша 253 601,7 мың теңгенің мүліктерін жария ету туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін, нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс. 
Аудан әкімдігі жанындағы комиссия құзіретіне кіретін мүлікті жария ету объектілеріне құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: