№264 мектеп-лицей 2010 жылдың 15 қарашасында ашылды. Мектеп –лицей директоры қызметіне Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы тағайындалды. Сапалы білім беру үшін сапалы мектепті қажет етеді. Сондай мектептердің бірі №264 мектеп- лицей заман талабына сай соңғы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бұл мектептің іргетасы 2007 жылдың қараша айында қаланған. Сметалық құны 1 млрд 630 млн теңге тұратын құрылысты жергілікті «Асар- Холдинг ЛТД» ЖШС жүргізген. Зәулім де биік ғимарат қала көркіне өзіндік ажар, көрік беріп тұрған нысандардың біріне айналды. 1248 орындық білім ошағында 2010-2011 оқу жылында мектеп-лицей 1604 оқушы,57 сынып жиынтығымен, 187 мұғаліммен өз жұмысын бастады.
Мектеп-лицейде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқуға арналған 50 кабинет болса, лабораториялық кабинеттер саны 6-ға жетіп отыр. Сонымен қатар білім ордасында су жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, 4 технология, 3 информатика кабинеті бар.
Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану-математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. №264 мектеп-лицейде жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылады. Осы пәндерді оқуға барлық жағдай жасалған. Мектептің құрылыс жобасы бойынша шетел тілдерін, информатика, технология, физика, химия және биология пәндерін топтарға бөліп оқыту үшін барлығы 12 зертханалық және тәжірибелік кабинеті бар. Мектеп-лицейде 2 спорт зал және оқушыларға арнайы жабдықталған басcейн жұмыс жасайды. Сондай-ақ мектеп-лицейде оқушылардың денсаулығын жүйелі қадағалау үшін дәрігер, процедуралық, тіс дәрігерлерінің кабинеті бар. Сонымен қатар, психолог мамандар жұмыс жасайды. Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 448 орындық асхана және 24 орындық арнайы буфет бар.
Мектеп-лицейде балалардың қызығушылығын оятатын түрлі үйірмелер, спорттық секцияларда жұмыс жасайды. Оның ішінде «Домбыра», «Еркін күрес» секілді үйірмелер балғындардың ерекше көп қатысып, айрықша қызығушылықтарын тудырған жұмыстар қатарында.
Жетістіктеріне келер болсақ 2010-2011 оқу жылында пәндік олимпиада да сыныптары бойынша физика пәнінен 3 оқушы жүлделі 2-ші орынға ие болса, химия және орыс тілі пәндерінен 2 оқушы жүлделі 3- ші орын иеленді. Шәкірттерімен қатар өздері де биік шыңдардан көрініп жүрген бірқатар ұстаздар осы мектепте қызмет жасайды. Олардың қатарында қалалық «Алтын диск» байқауының ІІ орын иегері Гүлназ Мырзалиева да бар. Осындай еңбектерінің жемісін көрген ұлағатты ұстаздар келешекте де алған бағыттарынан таймақ емес.
Мектеп-лицейде 2011 жылдың 21 ақпан айынан бастап 75 орынға лайықталған мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды. Шағын орталықта 3 топ,75 бала, 7 педагог маман қызмет атқарады. Орталықтың бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен оқытудағы ең негізгі мақсаты - бала денсаулығын сақтау, ата- аналарға толық күн жұмыс істеуге жағдай жасау, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында, балалардың танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттілік дағдыларын қалыптастыру көзделген. Шағын орталықта оқу тәрбие жұмысы «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында мектеп-лицейде 12 бағыт бойынша «Жас ұлан, жас қыран» ұйымымен тәрбие және біліктілікті жеткізу іс-шаралары ұйымдастырылып, түрлі жаңаша бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.
Жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғасын алдын алу және жол қозғалыс ережесін насихаттау барысында өткізілетін қалалық «Қозғалыстың жас инспекторлары» байқауында мектеп-лицейдің «Нұр ұлан» тобы жүлделі 1-ші орынды иеленіп,облыстық байқауға жолдама алды.
2011 жылдың 1 қазанынан бастап мектеп-лицей жанынан «Қосымша білім беру орталығы» өз жұмысын бастады. Орталықта 5 түрлі үйірмеде 9 маман жұмыс істейді. Ән айту, домбыра,сурет салу, күрес және хор үйірмелерінің мектеп оқушыларына берері көп.
Жапонияның «Шөп тамыры» бағдарламасы арқылы аймағымыздағы әлеуметтік нысандардың жұмысы жанданып жатыр. Соның бірі – Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі осыдан екі жыл бұрын «Мектепті автобуспен жабдықтау» атты жоба бойынша грант ұтып алған болатын.
Бағдарламаның шарапатын көріп отырған мектеп ұжымымен Жапон елінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямада, Жапон елшілігінің Атташесі Шимон Комия, «Шөп тамыры» бағдарламасының үйлестірушілері Ютаро Икэноуэ мен Алия Чингишпаевалар келді.
«Сабалақ», «Эдельвейс мекенжайларынан 630 бала қатынап оқитын мектепке тасымал қиынға түскен еді. Жоба бойынша қаржылай көмек алған мектеп, бүгінде саяжайларға 4 автобус балалар үшін қызмет жасауда.
Шара барысында мектеп директоры Бек Сұлтанбекұлы «Сіздердің әлеуметтік жобаларға арналған көмектеріңіз білім саласына ғана емес, басқа да салалардың дамуына үлкен көмек. Әрине, бұл – маңызды жұмыс. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бауырмалдыққа негізделген», деп өзі алғысын жеткізді.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – басты ұстаным. Білім сапасы ғана емес, жас ұрпақтың тәрбиесі де – басты назарда. Себебі тәрбие мен білім егіз. Мектеп оқушылары 3 жыл қатарынан республика бойынша ғылыми жобалар мен олимпиададан жеңімпаз атанды. Облыс әкімдігі мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік білім беру» конкурсында білім ордасы жеңімпаз атанып, 34 млн теңге сыйақы алдық. Бұл конкурста мұғалім мен оқушының халықаралық деңгейдегі білім көрсеткішін салыстырғандағы жетістігі сарапталады. Оған обсерватория ашылған. Қазақстан бойынша мұндай обсерватория ешқандай мектепте жоқ. Облыста алғаш мектеп обсерваториясы мен киностудиясын ашып, жаңашылдық еңгіздік. Обсерваторияда кәсіби ғалымдар түсіретін телескоп және үш орташа деңгейдегі телескоп бар. Бұл құрылғы арқылы жерге жақын орналасқан жұлдыздарды көре аламыз. Бүгінде оқушылар аспан әлемін тереңдете зерттеуге мүмкіндік алды. Оқушыларымыз телескоптың арқасында физика-астрономия саласы бойынша олимпиада, ғылыми жобаларда бақ сынап жүр. 2023 жылы мектеп оқушысы Салтанат Асқарова физика пәні бойынша халықаралық деңгейде өткен олимпиадада 2-ші орын алып, мамандығы бойынша білім грантын иеленді. «Зерде», «Дарын» ғылыми жобаларынан шәкірттер жүлделі орын иеленуде.
Әрине, обсерваторияға барлық оқушыны қамту мүмкін емес. Сондықтан 5-11 сынып арасында қызығушылығы бар, болашақта ғылыми жобамен айналысқысы келетін 175 оқушыны обсерваторияда дайындап жатырмыз. 5-6 сыныпта физика пәні оқытылмаса да дүниетану, жаратылыстану пәндері де аспан әлемін зерттейді.
Киностудия кәсіби камера, компьютер және жарықпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар оқушылардың жұмысын көрсету мақсатында «264 мектеп» деген арнайы youtube каналымыз бар. Жастардың қызығушылығын ояту үшін қысқа метражды фильм түсіріледі. Оқушылар арасында мектепте кастинг өткізіп, «Анаға апарар жол», «Томирис» фильмдерін түсірді. Жас ұрпаққа өнеге болатын дүниені насихаттаймыз. «Біздің мектептің Қожасы» атты байқау ұйымдастырылған. Жеңімпаз оқушы Грузия мемлекетінде түрік сериалының басты рөлін сомдап келді және түрік тілінде мәнерлеп өлең оқудан бас жүлде иеленді. «Аспан денелерінің адам ағзасына әсері» атты қысқа метражды фильм форматында ғылыми жоба әзірленді. Нәтижесінде қалалық, облыстық олимпиададан І орын алып, республикалық олимпиадаға қатысты.
Сондай-ақ «Biomaster» кабинетін ашылған. Үйірмеде оқушылармен бірігіп, тәжірибиелі биологтар жұмыс істейді. Өңірде өсетін гүл, шөптерді атауымен бірге макетін қатырады. Сонымен қатар қырғауылды, қабанды қатырып, макетін қойдық. Тіпті мұғалімдердің ойлап тапқан инкубаторы бар. Нәтижелі жұмыстарды арнайы сұйықтыққа салып, қатырып қоямыз.
Сонымен қатар «Bioflowers» үйірмесі бар. Яғни инклюзивті ресурстық орталықта оқушыларды еңбекке баулу үшін гүлдер зертханасын ашылған. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға гүл егуді, бақша көшеттерін о т ы р ғ ы з у д ы үйретеміз және сол арқылы бұлшықеттерін дамыту мақсатында ілгіштер тоқытады. Мұндағы мақсат – балаларды еңбекке баулу.
Білім ордасында 36 ерекше күтімді қажет ететін бала болды. Түрлі диагнозы бар балалардың психологиясына бұл орта кері әсер беретін. Таңертең мектепке кіргісі келмей, аулада жылап, көнбей жатқан баланың дауысын жиі еститін едік. Осы мәселені шешу мақсатында ерекше балалардың қызығушылығын зерттей бастадық. Үйірмелерге тарту арқылы баурап алдық. Мәселен, ерекше күтімді қажет ететін оқушы бар. Ол робот құрастырып, қалалық деңгейдегі ғылыми жобадан 1-ші орын иеленді. Былтыр да ерекше оқушылардың бірі қияр өсіру тақырыбында ғылыми жоба қорғап, республикалық олимпиададан 3-ші орын алды. Инклюзивті орталыққа аудан ауылдан балалар келіп, бүгінде оқушылар саны 100-ге жетті. Облыстық білім беру орталығының мақұлдауымен «Облыстық ресурстық орталық» деп аталды. Логопед, дефектолог мамандар оқушылармен нәтижелі жұмыс істеуде.