Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 

«Ұлағат ұландары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық демалыс паркінде қарбыз фестивалі өтті. Шара жазғы тынығу лагерь маусымын қорытындылап, үздік тәлімгерлерді марапаттауға бағытталған, деп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Бағдарлама аясында жастар қала тұрғындары арасында түрлі ойындар ойнатып, жарыстар өткізді. Әсіресе, қарбызбен ұйымдастырылған сайыстарға көпшілік ерекше белсенділікпен қатысып, бірқатар тұрғындар «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш» номинацияларына ие болды.
Шара соңында жазғы маусым қорытындысымен ерекше белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлер марапатталып, алғыс хаттар табысталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: