Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бейбіт заманға анам тәубе етеміз


Аумалы-төкпелі кезеңде қоныс аударған жандарға қонақжайлылық танытқан халықтың пейілі дархан. Сол үшін де өзге этнос өкілдерінің қазақ халқына алғысы шексіз деп білемін.
Мен Шаған ауылының тумасымын. Осы жерде білім алып, қазақ халқының салт-дәстүріне қанық болдым. Ауылдан түлеп ұшып, Жамбыл қаласындағы оқу орнының «инженер-химик» мамандығын игергенмін. Ауылға келіп қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бүгінде 3 баланың анасымын.
Менің әке-шешем қазақ ортасына сіңісіп кеткен. Тыңды игеру жылдарында әкем Казка Александр Запорожье қаласынан 1955 жылы ауданға келген. Ал анам Цветкова Зоя Украинаның Невест қаласынан бастауыш мұғалімі қызметіне жолдамамен жіберіліпті. Осы үлкен совхозда бір-бірімен танысып, отау құрған. Анам Шағандағы №37 орта мектепте 45 жыл бала оқытып, өмірге қадам басқызды.
Әкем болса шаруашылықта көп жылдар бойы қызмет етті. Қазақтармен еркін араласып, олардың қонақжайлылығына, дархан жүректілігіне үнемі тәнті болып, сүйсіне қарайтын.
Қазіргідей бейбіт заманға анам тәубе етеді. Қазақ жұртының осынау мейірімділігіне әрқашан ризашылығын жеткізіп отырады. Үй тірлігіне араласып, балалары мен немерелерінің қуанышына ортақтасуда. Бәріміз де қазақ тілінде еркін сөйлейміз. Біздер басқа ұлттың өкілі болсақ та біреу келіп «мен қазақ, сен украинсың» деп бөліп жарған емес. Қайта бауырларына тартып, көмектерін көрсетіп келеді. Осы себепті де егемен елде тұратынымызды, осы жерде туып-өскенімізді мақтан етеміз. Елбасы әрқашан Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдеріне ерекше құрмет көрсетуде. Сол үшін өзімізді бақытты сезінеміз. Мұндай ілтипатқа алғысымыз шексіз, ризашылығымыз мол. Бұл менің Отаным, менің Қазақстаным.

Татьяна Казка,
Сырдария ауданы,
Шаған ауылының
тұрғыны
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: