Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ҚАЛҚЫМАЛЫ КӨПІРЛЕР ҚАЙТА САЛЫНДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҚАЛҚЫМАЛЫ КӨПІРЛЕР ҚАЙТА САЛЫНДЫ«Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» және «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының «Әлсейіт», «Қарлан» учаскелеріндегі қалқымалы көпірлер су бетіне мұз қатып, сең жүруіне байланысты уақытша алынған болатын. 
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда көпірлер қайта салынып, тұрғындардың аудан орталығына қатынауына кедергі жойылды. Биылғы жылы Сырдария өзенінің Абай учаскесіндегі қалқымалы көпірдің екі жақ кіре беріс жолдарына 21 м темірбетон көпір салуға ұсыныстар жолданды. Бүгінде қалқымалы қайық санын көбейтуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. 
Ал қалқымалы көпір уақытша алынған кезде аудан орталығымен қатынайтын «Өркендеу-Абай-Басықара» жолының жарамсыз күйге түскен екі шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, бұл көпірді күтіп ұстау жұмыстарын «Қазалы-Тынысы» ЖШС атқарып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: