Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Киімін алып кетуге келген: Түркістан облысында келіншек енесі мен қайын сіңлісін ұрып тастады (видео)

Түркістан облысында киімін алып кетуге келген келін енесі мен қайын сіңлісін ұрып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың қызу талқысына түсті. Бейнежазбада әйелдердің бірін-бірі жағасынан алып, шаш жұлысып жатқаны байқалады. 
Облыстық полиция өкілдері оқиға 29 тамыз күні Арыста орын алғанын жеткізді. 
"Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын айтқан. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген. Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келгенін хабарлаған. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған", - делінген ресми хабарламада. 
Ескерту. Видеода балағат сөздер кездеседі.
View this post on Instagram

Что тут происходит?🤔

A post shared by ZHEST_KZ| 21+😱 🇰🇿 (@zhest_telegram) on


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: