Ағымдағы жылдың тамыз айында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы, «Даму» КДҚ» және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамдарының облыстық филиалдарымен бірлесіп барлық аудандарда кәсіпкерлік субъектілерімен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында басқарма басшысы Ф. Қожабергеновпен пандемия жағдайында Үкіметпен бизнесті қолдау мен дамыту бағытында қабылданған шаралар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, облыс әкімдігінің «2023 жылға дейін Қызылорда облысын экономикалық дамыту жоспары» таныстырылды. Нәтижесімен 24 кәсіпкердің жобалары Басқарма тарапынан қаржыландыру үшін сүйемелдеуге алынды.
Жалпы кездесуге 250-ге жуық кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ ауыл әкімдерімен олардың мамандары қатыстырылды.
Айта кету қажет, аудандарға іссапар барысында 30-ға жуық кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде «Өркен Әлем» ЖШС-нің «Броньды кеудеше, арнайы киімдер және әскери каска дайындау», жеке кәсіпкер «Ералиев Нұржанның» «Балық өнімдерін өңдеу», жеке кәсіпкер «Ару Ана» «Түйе сүтін өңдеу және өнім өндіру», жеке кәсіпкер «Өтепов Ерсіннің» «Тор, шеге сияқты құрылыс материалдарын шығару», «Мәді Қажы» ЖШС-нің «Құрылыс материалдарының өндірісі» және өзге де осы секілді өндірістік орындар араланды.