Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр медицинасының қарқыны

Кейінгі төрт жылда Сыр медицинасы тың серпінмен дамуда. Оған  бірінен соң бірі салынып, ел игілігіне беріліп жатқан заманауи денсаулық сақтау нысандары мен алынып жатқан озық технологиялық құрал-жабдықтар, жасалып жатқан күрделі оталар куә.

Кейінгі 10 жылда 116 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның ішінде, 2023-2025 жылдар аралығында 29 млрд 512 млн теңгеге 42 медициналық  нысан салынып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы өңірде қарқынды жүзеге асуда. Ұлттық жоба аясында жалпы құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 28 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, халық игілігін көруде. Осылайша, 46 мыңнан астам ауыл тұрғыны медициналық көмекке уақытылы қолжетімділік пен 190 төсек-орын күндізгі стационарларда ем алуда.
Кейінгі төрт жылда 6 млрд теңгеге 24 нысанға күрделі жөндеу жүргізілсе, 1 млрд 200 млн теңгеге 44 денсаулық сақтау нысанының жылу жүйесі газға ауыстырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ғимараттардың тозуы 74,4 пайыздан 36,6 пайызға төмендеді.
Өңіріміздің денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға да баса назар аударылуда. Кейінгі төрт жылда денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 16 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, оның ішінде КТ, МРТ, ангиограф сияқты ауыр техникалар бар. Аудандық ауруханалар КТ аппаратымен толығымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылу деңгейі 2022 жылы 83,2 пайыздан бүгінде 90,2 пайызға жоғарылады.
Медицина ұйымдарының санитарлық автокөлік паркінің тозуы 85 пайызды құрап, өзекті мәселе болатын. Осы мәселені шешу үшін аймақ басшысының қолдауымен жергілікті бюджеттен бір мезетте 5,4 млрд теңге бөлініп, өңірдегі барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 225 санитарлық автокөлік алынып, медицина ұйымдарының автопаркі толығымен жаңартылды. Осылайша, елді мекендерде санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі түбегейлі шешілді.
Сыр медицинасы үшін жетістікке былтыр толы жыл болды деп сенімді түрде айта аламыз.  Оған  бірінен соң бірі салынып, ел игілігіне беріліп жатқан заманауи денсаулық сақтау нысандары мен алынып жатқан озық технологиялық құрал-жабдықтар, жасалып жатқан күрделі оталар куә.  Әсіресе, көпбейінді облыстық ауруханада алғаш рет бір күнде үш науқасқа жасалған бүйрек  трансплантациясын  жыл жаңалығы десе болғандай.
Жалпы аймақта кейінгі жылдары жоғары технологиялық медициналық қызмет көлемі артып келеді. Биыл 10 айда  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жалпы сомасы 706,7 миллион теңгеге 104 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді. Ал 11 айда облыстық ауруханада 9071 ота жасалса, оның 130-ы жоғары технологиялық медициналық көмекке жатады. Мұндай оталардың жиі жасалуы мамандардың біліктілігіне де байланысты екені сөзсіз. Осы орайда өңірде денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдерінің клиникаларында біліктілігін арттырған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кейінгі 3 жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен мамандар біліктілігін арттыруға 375 млн теңге бөлінді. Негізгі басымдық ана мен бала денсаулығын қорғауға беріліп, 84 акушер-гинеколог, 44 неонатолог, 42 реаниматолог, 19 педиатр дәрігер оқытылған.
Тұрғындардың денсаулығын нығайту – маңызды міндеттің бірі десек, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар кешенді жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң үрдісі байқалды.
Мәселен, сәби өлімі 17%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 9%-ға, қан айналым жүйесінен орын алатын адам өлімі 1,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде күтілетін өмір сүрудің орташа көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 74 жастан 75,2 жасқа артты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы өңірде қарқынды жүзеге асуда. Ұлттық жоба аясында жалпы құны 10 млрд 200 млн теңгені құрайтын 28 нысан пайдалануға беріліп, халық игілігін көруде. Осылайша, 46 мыңнан астам ауыл тұрғынының медициналық көмекке уақытылы қолжетімділігі артып, 190 төсек-орын күндізгі стационарларда ем алуда.
«Қамқорлық» балалар оңалту орталығы алдымен Жаңақорған ауданында, кейін Арал ауданында ашылды.
Желтоқсанның басында облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталық туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалармен, соның ішінде неврологиялық және ортопедиялық бұзылу қаупі бар сәбилермен, сондай-ақ шала туған балалармен жұмыс істеуге бағытталған.
Кейінгі үш жылда 6 млрд теңгеге 24 нысанға күрделі жөндеу жүргізілсе, 1 млрд 200 млн теңгеге 44 денсаулық сақтау нысанының жылу жүйесі газға ауыстырылды.
Өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға да баса назар аударылуда. Кейінгі 3 жылда денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 15 млрд  теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, оның ішінде КТ, МРТ, ангиограф сияқты техникалар  бар. Аудандық ауруханалар КТ аппаратымен толығымен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылу деңгейі 2022 жылы 83,2 пайыздан бүгінде 88,1 пайызға жоғарылады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жоспарлар мен игі жақсылықтардың барлығы тұрғындардың саулығы үшін жасалуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек.

Облыс тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынуда. Аурухана заманауи техникалық шешімдерді ескеріп жобаланған, ең озық технологиямен қамтамасыз етіледі. Диагностика және емдеу бойынша заманауи стандарттарға сай келетін жоғары технологиялық инновациялар енгізіледі, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Осылайша Қызылордада шетелдік клиникалардан еш кем түспейтін заманауи медициналық кешен пайда болады.
«Мелиоратор» серіктестігі қолға алған жобаға 36 млрд 416 млн теңге қаржы қаралған. Бұл – аймақтағы халықаралық стандарттарға сай, ең ауқымды жобалардың бірі. Аумағы 57 мың шаршы метр, 7 гектар жерге орналасқан. Нысан 10 блоктан тұрады: емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия, қабылдау бөлімі, әкімшілік, реанимация, химиотерапия және радиотерапия, операциялық бөлім.
Құрылысы екі жыл бұрын басталған ғимаратты салу барысында осы уақытқа дейін 21 млрд. теңге қаражат игеріліп, жұмыстың 70 пайызы еңсерілді. Қалған 16 млрд. теңге осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда бетон жұмыстары толық біткен, ал кірпіш қалау аяқталып қалды.
Жақын арада құрылысшылар терезесін салып, қасбетін бастайды. Сонымен қатар, жылу құбырлары орнатылып, қажетті тораптарға қосылуда. Электр желісі тартылып, тарату нүктелері дайындалды. Құрылыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоспар бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, жыл соңына дейін құрал-жабдықтарын орнатып, пайдалануға береді.
Бүгінде құрылыс басында 200-ге жуық адам, 15 техника бар. Газоблог, инженерлік жүйелерге қажетті материалдар жеткілікті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 12 облыста заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген. Бүгін Қызылорда қаласында халықаралық тәжірибе мен озық медициналық технологиялар енгізілетін 200 төсектік перинаталдық орталықтың іргетасы қаланды. Нысанға 2,7 гектар жер телімі бөлініп, 48,8 млрд теңге қаражат қаралған.
Қызылорда қаласының сол жағалауы айрықша қарқынмен дамып келеді. Заманауи үлгідегі нысандар, спорт кешендері жаңа  ауданның ажарын айшықтауда. Сол күні мұнда  500 келушіге арналған емхананың іргетасы қаланды.
Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, ірі жобалар іске асырылуда. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары кешенді жүргізіліп келеді. 2022-2025 жылдары салаға 50 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді, 26 млрд 400 млн теңгеге 40 медицина нысаны салынып, пайдалануға берілді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы белгіленген жоспарға сәйкес толығымен орындалып, 10 млрд 700 млн теңгеге салынған 28 нысан халық игілігіне қызмет етуде.
Айта кетейік, сол жағалауда бой көтеретін 500 орындық емхана  тұрғындарға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық медициналық қызмет көрсететін көпсалалы мекеме болады. Мұнда жалпы және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған. Сонымен қатар, нысан 50 төсектік күндізгі стационар, дәрілік қамтамасыз ету бөлімі, орталық стерилизация, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ биыл ақпан айында Orhun Medical медициналық орталығының ашылу рәсімі өтті.
Orhun Medical медициналық орталығының қызметі – позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика. Құны 4 млрд теңге болатын бұл жоба онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға, емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Тұрғындарымыз ендігіде Астана, Алматы қалаларына, шетелдерге бармай-ақ, сапалы медициналық қызметтерді жергілікті жерде алады.
Айта кетейік, медициналық орталықтың жылдық жобалық қуаты айтарлықтай жоғары. Мұнда жылына 3500 позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография зерттеуі жүргізіледі. Сонымен қатар, 16000 магниттік-резонанстық томография, 20000 компьютерлік томография, 25000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жасауға мүмкіндік бар.
Қызылорда қаласындағы орталық – Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі. Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Бірінші кезеңде Ақтау қаласында осындай орталық іске қосылған. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.
Бұдан бөлек, медициналық орталықта МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық зерттеулер және ем-шара бөлмелерінің қызметтері халыққа қолжетімді болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: