Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ТҰҚЫ БАЛЫҒЫ КӨБЕЙДІ

АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕ ТҰҚЫ БАЛЫҒЫ КӨБЕЙДІҚамыстыбас балық питомнигі 8,4 млн. дана тұқының биылғы шабақтары мен балықтардың өсімдік қоректі түрлерін (дөңмаңдай, ақ амур) өсіріп, Кіші Арал теңізінің Шағалалы шығанағы мен Қамыстыбас өзеніне жіберді, - деп жазады ҚР АШМ сайты.
Шабақтарды жіберу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерінің, әкімдіктің, ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен комиссиялы түрде жүзеге асырылды. Биыл Қамыстыбас балық питомнигі 15,22 млн. дана биылғы шабақтардың және екі жылдық тұқы балық пен өсімдік қоректі балық түрлерін табиғи мекен ету ортасына жіберуді жоспарлады. 
Табиғи мекен ету ортасына балық шабақтарын жіберу жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: