Ақылына көркі сай, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтайтын, жүзінде жылуы бар қазақ қызын анықтау мақсатында «Шиелі аруы-2016» байқауы өткізілді.
Дәстүрлі түрде өтетін «Шиелі аруы» байқауына әр елді мекеннен екі үміткерден қатысты. Байқауға қатысушылардың тек сырт келбеттері бойынша бақ сынаспай, олардың қабілет-дарыны, тіпті ақыл-парасаттары да есепке алынды. Шара аясында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов байқауға қатысушы аруларға сәттілік тіледі. Байқау бағдарламасы төрт турдан тұрды: қатысушыларды таныстыру, өз күштерімен ұйымдастырылған көркем концерт, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан сұрақтар қою туры, кешкі көйлектер көрсетілімі. Қазылар алқасының шешімімен «Шиелі аруы» байқауының бас жүлдесін Жанайдарова Алуаға бұйырды.. Бірінші, екінші және үшінші орындар тиісінше Дүйсебаева Аружан, Дүйсенбекқызы Назгүл, Серікбайқызы Ақмаралға бұйырды.