Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында түйе сүтін қабылдау орны ашылды

Арал ауданы Аралқұм елді мекенінде Болат Жаңабаевтың бастамасымен ауыл орталығынан сүт қабылдайтын пункт ашылған еді.
Өткен жылы осы істі қолға алған Болат сүт қабылдау пунктін ашу бағытында Алматы қаласында орналасқан «Нар» ЖШС-мен келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесінде «Нар» ЖШС өкілі Ғалым Капу Аралқұм ауылына арнайы құрылғыларды жеткізіп, шикі түйе сүтін қабылдай бастады. Жергілікті жерден жиналған сүт арнайы салқындатқыш қондырғысы бар автокөліктермен Алматы қаласындағы құрғақ сүт өндіру зауытына жөнелтіліп, өндірілген өнім алыс-жақын шет елдерге экспортталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: