Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫҚызылорда, Астана, Шымкент және Алматы қалаларының педагогтары жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімі арасындағы қол қойылған меморандумға сәйкес, аймақтағы  инновациялық мектептерге тәжірибе тарату мақсатында Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдары: мектептегі Асtion Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары» тақырыбында аймақтық форум өтті.  
Секциялық практикум, семинар және шеберлік-сыныптар түрінде ұйымдастырылған форум жұмысында  оқытудың жаңа тәсілдерінің тиімділігі және оны мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда қолдануы туралы кеңінен айтылды. 
Форум жұмысына қатысқан Шымкент, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептер мен облыстағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектептер өкілдері, Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлері, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Зерттеу департаментінің, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандары   оқушылардың білім сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақ түрлері бағытында жүргізген зерттеулерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: