Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОСШЫҢЫРАУДАҒЫ ИГІЛІКТІ ІСТЕР


Қосшыңырау ауылында білім саласының дамуына барлық мүмкіндік жасалған.
№138 орта мектебінде оқу үдерісі екі ауысымда жүргізіледі. Мектептің сыйымдылығы 624 оқушыға негізделген. Онда 71 мұғалім жұмыс жасауда. Жеке кәсіпкер Серік Тасбергенов өз қаражатына салған 100 балаға арналған «Атамұра-Орда» балабақшасын ел игілігіне берді.
Тұрғындардың рухани байлығын арттыру бағытында сан алуан мәдени шаралар өткізіліп келеді. Осы мақсатта жыл көлемінде 43 іс-шара өткізілген. Мұндағы игілікті шараларға жергілікті өнерпаздар да өз үлестерін қосып, атсалысып жүр. Мәдениет үйінің екінші қабатында №5 кітапхана филиалы жыл басынан бері оқырмандарға әр түрлі мәдени көпшілік қызметтер көрсеткен. Соның негізінде оқырмандар саны көбейіп, әртүрлі кітаптарға сұраныс артуда. Бүгінде адамға рухани азық беретін орын көптеген әдебиеттермен толықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: