Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» семинары өткізілді

«Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» семинары өткізілдіҚызылорда облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы біріге ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Жалпыға бірдей құқықтық оқыту» атты семинар өз жұмысын жалғастырды.
21 қазан күнінің бірінші жартысында «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбындағы баяндама жасалып, семинарға қатысушылар тарапынан қызу талқыға түскен еңбек қатынастары барысындағы кездесіп жүрген көптеген сұрақтарға жауаптар қайтарылған болатын. Семинар жұмысы екінші жартыкүндікте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері Ж.Жұбауова өткізген коучинг-сессиясымен жалғасын тапты. Коучинг-сессияда семинар қатысушылары арнайы дайындалған анкета сұрақтарына жауап және балдық жүйеде баға беріп, өздері жұмыс атқаратын ұжымның даму деңгейін анықтады. Сонымен қатар, белсенді топтар «Мектеп басқарудың жаңаша амалдары» атты презентацияларын ортаға салып, әдістемелік кеңестер беріліп, тәжирибе алмасты.
Семинар коучинг-сессиядан соң семинар қатысушыларынан құралған топтар арасындағы брейн-ринг ойынына жалғасты. Логикалық сұрақтар қойылып, көптеген қызықты да қажетті ақпараттар берілді. Брейн-ринг ойыны қорытындысы бойынша «Ақ желкен», «Ұлағат» топтары тапқырлықтарымен көзге түсіп, алға шықты.
Кешкісін поэзия кеші ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар жыр жолдарын оқыды. Рухани азық жинаған семинар қатысушылары «Ауыл кеші көңілді» өнер кешінде де өз өнерлерімен белсенділік танытып, әдемі ән-жырлармен көзайымға айналды.
Семинардың екінші күнінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту мәселелері ндегі проблемалар мен перспективалар талқыға түсті. Семинарға қатысушылар ортадағы тақырып бойынша көкейтесті мәселелерді алға тартып, оларды болдырмау жолдары мен әдістерін анықтады, құқықтық заңнамалар бойынша толық ақпараттар алды.
Еңбек қатынастары барысында жұмыс беруші тарапы болып табылатын мектеп директорлары қатыстырылған екі күндік құқықтық оқыту семинары қорытындыланып, семинар барысында нәтижелі жұмыс жасап, белсенділік танытқан қатысушылар Қызылорда облысы білім және ғылым қызметкерлері нің кәсіподағы марапаттары мен сыйлықтарына ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: