Қызылордада заң бұзған 69 шетелдік азамат жеткізілді
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, 07-16 маусым аралығында қала аумағында Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шарасын барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары тексеріліп, рейдтік шаралар өтуде.
Нәтижесінде, Қабылдау –тарату орнына көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 29 бабымен (Жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу) 69 шетелдік азамат жеткізілді.
Олардың барлығының қол саусақ іздері дактокарталарына алынып, фотосуреттерге түсіріліп, жеке басы анықталып, тиісті шара көру бағытында жұмыстар жүргізілуде.