Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Үміт" қорына қолдау көрсетіліп келеді

"Үміт" қорына қолдау көрсетіліп келедіШиелі ауданында 2325 мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген. Биыл мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге жылма-жыл облыс тай қазанынан қаржы бөлініп келеді. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Аталған қаржыға мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторлы-курорттық емделуде. Сонымен қатар, ауданда былтырғы жылдан бастап «Үміт» қоғамдық қоры жұмыс жасауда. Қоғамдық қор қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандардарға тегін компьютерлік курстарын, egov.kz электронды порталы арқылы қызметтер алуды үйретіп, шахмат, дойбы ойнап, уақыттарын тиімді өткізуде. Аталмыш қорға аудан әкімдігі тарапынан тегін ғимарат беріліп, интернет, байланыс құралдары орнатылып қолдау көрсетілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: