Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҒАНИ МҰРАТБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҒАНИ МҰРАТБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев мұражайында Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі Ғанидың 114 жылдығына орай салтанатты шара болып өтті. 
Қоғам қайраткерінің туған күні құрметіне жас ақындар мүшәйрасы, кіші футболдан жарыс, кітапхана көрмелері ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Кеш барысында оның 23 жылдық қысқа ғана өмір жолы, iстеген iсi, айтқан сөздерi, жарқын болашаққа деген жалынды жүрегi мен сенiмi – бүгiнгi және кейiнгi ұрпаққа әрқашан үлгi екендігі айтылып, дәріптелді.
Еске салайық, Ғ.Мұратбаевтың 114 жылдығы құрметіне "Ғани Мұратбаев" атындағы жастар сыйлығы үшін облыстық байқау жарияланды. Қорытынды шара келер аптада Қазалы ауданында ұйымдастырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: