Қызылорданың шеткі аймағында жастар төбелесіп қалды
Қызылордада бір-бірімен сөзге келген жастардың әрекеті төбелеске ұласқан.
13 наурыз күні сағат 23:30 шамасында қаланың шет көшелерінің бірінде бір топ азамат жиналғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция 20-23 жас аралығындағы үш облыс тұрғынын ұстап, ПБ-на жеткізді.
Екі адам аураханаға жатқызылды, денсаулықтары тұрақты.
ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен “Бұзақылық” сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.