Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ТАЗАЛЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАЛЫДА ТАЗАЛЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫҚазалы ауданында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. 
Онда аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Жұбатқан, Әйтеке би кенті әкімінің міндетін атқарушы Қ.Иманбаев, Қазалы қаласының әкімі Р.Ізтілеу хабарлама жасады. 
Биылғы көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары 10 наурыз бен 10 мамыр айлары аралығында жалғасын табады. Өткен аптаның сенбі күні барлық елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары басталып кетті.
Аудан басшысы елді-мекендерде көше тазалығына немқұрайлы қарап, ластануына жол берген тұрғындарды анықтау мақсатында рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, барлық мекеме, ұжымдарды тазалық айлығына белсене қатысуға шақырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: