Оnline режимде статистикалық есептілік қабылдау жолға қойылды
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері online режимінде 20 мыңнан аса статистикалық есептілік қабылданған. Сондай-ақ, электрондық жүйенің мүмкіндіктерін пайдалану саласында да оң серпін байқалады. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің интернет ресурсында «е-статистика» ақпарат жүйесінің интеграциясы іске қосылған.
Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық статистика басқармасы басшысы Мәриам Баекеева хабарлады.
Сонымен қатар, М.Баекеева қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында, атап айтқанда 96-қадам бойынша – орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне online-қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды.
«Барлық ішкі жүйелер жұмыс тәртібінде функцияланады. Оnline режимінде мәліметтер жинау ақпараттық жүйесі респондентттердің статистикалық органдарға бармай, статистикалық нысандарды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, оnline режимінде электронды түрде статистикалық нысандарын тапсыруға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 20 мемлекеттік мекемемен байланыс орнатылды. Халыққа 80-нен аса нысан қол жетімді», - деді басқарма басшысы өз сөзінде.