Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ

КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ Қорқыт ата атындағы Қызылора мемлекеттік университетінде  көрнекті ғалым, академик Мұхтар Рахымұлы Алшынбаевтың 90 жылдығына орай «Аграрлық ғылымның алыбы – Алшынбай» тақырыбында ғылыми-семинар өтті. 
Семинар жұмысына ғалымның шәкірттері ауылшаруашылығы және техника ғылымдарының мамандары мен студенттері, магистранттары қатысты. Жиын барысында ғалымдар «Қазақстанның ауылшаруашылығын механикаландыру саласының алыбы М.Р.Алшынбай - 90 жаста», «М.Р.Алшынбайдың ғылыми зерттеулері нәтижелерінің өзектілігі және өндірісте қолданылуы», «М.Р.Алшынбайдың оқулықтары, оқу құралдары мен практикалық ұсыныстарын оқу процесінде пайдаланудың маңыздылығы» тақырыптарында баяндамалар жасап, пікір алмасты. Кафедра ғалымдары академик туралы естеліктерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар ғылыми-техникалық кітапхананың «Аграрлық ғылымның алыбы – Алшынбай» атты ғалымның еңбектеріне арналған кітап көрмесін тамашалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: