Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАНДБОЛШЫ ҚЫЗДАР БАС ҚОСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАНДБОЛШЫ ҚЫЗДАР БАС ҚОСТЫҚызылорда қаласында гандболдан әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің  плей-офф ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Сейхун-инфо.
Жарыстың алғашқы күнінде "Сейхун-ҚАМ-ҚМУ" қыздары "Алматы" командасын 24:19 есебімен жеңді. Ал "Іле" (Алматы облысы) гандболшылары "Алтай" (Шығыс Қазақстан облысы) клубын 42:25 есебімен тізе бүктірді.
Жарыстың екінші күнінде қызылордалық спортшылар тағы да "Алматымен" ойнап, олардан 22:21 есебімен жеңді. Ал "Іле" "Алтайдан" 39:29 есебімен басым түсті.  Енді жерлестеріміз 27 желтоқсанда сағат 19.00-де "Ілемен" шеберлік байқасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: