ӘРІПТЕСІМІЗ МИНИСТРЛІКТІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев Ақпарат жəне коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды «Сыр бойы» газеті.
Айта кету керек, кеше байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді төл мерекесімен құттықтады. Жедел әрі шынайы ақпарат таратып, елдің дамуына сүбелі үлес қосқан тілшілердің еңбектерін елеп, арнайы төсбелгілерді тақты. Келешекте журналистердің мәртебесі артып, аймақтық баспасөзді дамытуға басымдық беретінін айтты.