Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшылық кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады

Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Кәрімжан Гейдаров осыдан екі жылдай бұрын мемлекеттің жеңілдігімен 3 млн теңге несие алды. Сол ақшамен мал шаруашылығымен айналысып, ет және сүт бағытындағы ірі қара асырауды қолға алған.
– Әдепкіде 10 бас сиыр алып келдік. Одан бері біртіндеп, көбейтіп жатырмыз. Етті келіп алып кететіндер бар, ауылда жілікке алатындар бар, әйтеуір, өткіземіз. Бірақ кейде алушы болмай қалса, бағаны жерге ұратындар да табылады. Бала-шағаның несібесі, маңдай тер еңбегі дегенді қайда қоясың. Қазір мына өгізшелердің ішінде герринфорд, ангус, сементал, әулиекөл, қазақтың ақ бас сиыр тұқымдары бар. Олардың әрқайсысы бір-бірінен өзгеше. Ақтөбеден алып келдім, – деді К.Гейдаров.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: