Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда газ кіргізу бойынша жеңілдіктер қарастырылды

Қазалыда газ кіргізу бойынша жеңілдіктер қарастырылдыБүгінгі күнге Қазалы ауданында 1035 азаматтан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтініш түскен. Өтініштер бойынша 850 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 500 жоба дайындалған.
Тұрғын үйлерге газ жүргізудегі негізгі мәселе қаржыға байланысты екендігі белгілі. Бұл ретте тұрғындар тиісті қаржының 50 пайызын алдын-ала төлеу, ал қалған 50 пайызын газ іске қосылғаннан кейін төлеу мүмкіндігіне ие болды. 
Сонымен қатар, кент тұрғындарына «Хоум кредит» банкі арқылы жеңілдетілген несиемен бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылып, қазіргі таңда «Zero Promo» акциясы арқылы 6 және 9 айға 10 пайыз жеңілдікпен төлеуге болады. 
Сондай-ақ, «Стандарт» акциясымен 3 айға немесе 1 жылға 23,9 пайыздық есеппен төлеуге де болады. Несие рәсімдеу жұмыстары 22 жастан бастап 68 жасқа дейінгі зейнеткерлерге және 2, 3 топ мүгедектеріне жасалады. Қазіргі таңда 10 адам осы мүмкіндікті пайдаланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: