Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗАҢҒА БАҒЫНБАҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ (ВИДЕО)

ЗАҢҒА БАҒЫНБАҒАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ (ВИДЕО) Қызылорда облысы ішкі істер департаменті 06.02.2016 жылы Youtube видеохостингінде жарияланған бейнематериалды тексеріп, аталған дерек ағымдағы жылдың 11 қаңтарында кешкі сағат 17:50 шамасында Қызылорда қаласында орын алғандығын анықтады. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі төмендегіше мәлімет таратты. 
№13 бағыттағы N 176 BRA 11 нөмірлі қоғамдық автокөлігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 599-бабы бойынша құқық бұзушылық жасап, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін  полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Алайда, қоғамдық автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің «тоқтау» жайлы заңды талабына бағынбай, жүріп кеткен. Полиция автоэкипажы артынан еріп келіп, тоқтап тұрған жерінен жүргізушіге құқық бұзу дерегін ескертіп, құжаттарын талап еткен кезде жүргізуші заңды талабын орындамай, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жүріп кетпекші болған. Алайда, полиция қызметкерлері автобустың алдына шығып, екінші серігі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған жүргізушіні көліктен түсіріп алады. 
1990 жылы туылған қоғамдық автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы «билік өкіліне бағынбау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: